meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.08.2022
  154


Автор: Қазданбай Қосжанов

МЕКТЕБІМ

Қарай берем, о, сүйікті, мектебім,
Аяулысың, жақын едің сен қандай?!
Тағы оралып келе бердім мектебім,
Балалығым сенде ұялап қалғандай.
Қолыма алып дәптер, сия, әліппе,
Барғам саған қуанышпен шаттанып.
Үңілгенмін сыр жатқандай әріпке...
Сондықтан ол қалды мәңгі жатталып.
Бүгін тағы гүлге оранды мектебім,
Бігін тағы қоңырау да қағылды.
Еске аламын сенде еді көктемім,
Сол күндерді жас жүрегім сағынды.
Алғаш мен де сол мектепте, партада,
Ұстаз үнін құмарлана тыңдағам.
Талай-талай үңілгенмін картаға,
Сол сезімдер жігер берді тың маған.
Бұлақ едім, қосылдым кең арнаға,
Балапан ем, қанағаттанған ұяда.
Туды жырым сол ұяма арнала,
Бірақ оған махаббатым сия ма?!
Келді жаңа жас ұрпақтар, иелер,
Сүйер ол да алтын бесік мектебін.
Кең даланы гүлге орар өрендер,
Сілтер оған мектеп өмір көктемін!





Пікір жазу