02.08.2022
102
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-27-00-10-13.png)
ӨЗІМ ДЕ БІЛМЕДІМ
Кірсем де бұрындау таласып,
Халыққа толы екен мұз айдын.
Біресе топпенен жанасып,
Біресе шеткері ұзаймын.
Жағалап бостау бір шетті ептеп,
Зуладым ілгері асыға.
Әтеең... тек құладым етпеттеп,
Соқтығып бір қарындасыма.
Жанарын жалт беріп бұрды да,
Сездім сәл жымиып күлгенін.
Кешті ме, айыптап тұрды ма?
О, несі?.. Өзім де білмедім...