02.08.2022
135
ОРАМАЛ
Аттанарда ауылдан
Сәулешім берген орамал.
Жасағандай болады
Келешек күнге жорамал.
Он саусағы майысып
Кестелепті жібектен.
Көрген сайын мен соны
Қуанам шын жүректен.
Желпісем жайлап бетімді,
Шертеді қылын сезімнің.
Сондықтан таза сақтаймын
Жүрегімдей өзімнің.