meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.08.2022
  129


Автор: Қазданбай Қосжанов

СЫР

Жүректе қылын қыздардың
Шерте бергім келеді.
Бойдағы барлық ызғарды
Еріте бергім келеді.
Жасартып жердің қыртысын
Жауын да болғым келеді.
Шегі жоқ менде жоспардың,
Ақын да болғым келеді.
Әр істе жарқын достардың
Сапында болғым келеді.
Егін боп өлке төсінде
Жайқалып көрсем дей берем.
Әйтеуір, Отан қарызын
Қайтарып берсем дей берем.





Пікір жазу