МАҢҒЫСТАУЫМ
Кең өлке Қазақстан төріндегі,
Сенен биік жер маған көрінбеді.
Елің бар шат-шадыман мерекелі
Құт дарыған жерің бар берекелі.
Бейнең бар жайғандай-ақ мақпал кілем
Асқар белің қойнынан ақтарды кен.
Жайың бар жапан түзде жар салдырған
Талайларды табысың тамсандырған.
Қайырмасы:
Аунай кетсем, жерің -төсек,
Аймалайсың бауырың төсеп.
Артық болмас, ей, туған жер
Аймағыңды алтын десек...
Алтындай асыл сенің топырағың
Әнге қосып мен соны отырамын.
Болғанды болашақөпен алмастырып,
Ұлы өмірді жатырсың жалғастырып.
Жатырсың мұнай, газды жарыстырып,
Атағыңды әлемге таныстырып
Сен Алтын Атыраудың қақпасысың,
Өз орныңды өмірден тап басыпсың.
Қайырмасы.
Жеріңнен жырға толы жүріп келем,
Жүрегімді сен үшін жұлып берем.
Сен үшін шексіз менің махаббатым,
Арманыма жол сенде апаратын.
Өзіңе борышым көп өтелмеген,
Ел бақытты өлкеңді мекендеген.
Көркіңе риза боп тамсанамын
Сені мақтап әлемге жар саламын!
Қайырмасы:
Пейілі кең, елің қауым,
Майы тамған жерің сауын.
Аялашы, ей, Алтын Жер
Маңғаз мекен- Маңғыстауым!