01.08.2022
90
ШЕВЧЕНКОЛЫҚТАР ӘНІ
Айдынды Атыраудың жағасында,
Тұрамыз біз Шевченко қаласында.
Компартия -Көсемнің арқасында
Бақыт қонған қазақтың даласына.
Оятты заман үні ерте бізді,
Мархабатқа бөледік өлкемізді.
Мұнай айдап, атомға атша мініп,
Тұщы Дария жасадық көк теңізді.
Қайырмасы:
Мәрмәр төсеп, маржан киген,
Жаралғандай ән мен кұйден.
Құшағымыз гұлге толы,
Мәртебеміз көкке тиген.
Қызығыңдар, таласыңдар,
Алтын алқап даласы бар.
Мерейі үстем Маңғыстаудың
Шевченкодай қаласы бар.
Аспанымда бақ құсы қалықтады,
Мәңгілікке ашылды халық бағы.
Қаламен қатарласа бой түзеп тұр,
Пластмасса, Газ өңдеу алыптары.
Бойымызға болашақ даруы деп,
Бұл өлкеге халықтың баруы көп.
Тегін атап жүрген жоқ қаламызды,
Бүгінгі «Қазақстан Аруы»деп.
Қайырмасы