01.08.2022
100
ФОРТ-ШЕВЧЕНКО
Жек көремін жалаң сөз, үгітті өзім,
Адамның құс қанаты -үміт, сезім.
Бұл қаланы есіме алған сайын,
Ойыма оралады жігіт кезім.
Іздеген керегімді табатынмын,
Таппайтын талпынумен дала тыным.
Шамаммен шарықтайтын шабыт беріп,
Қатайтқан жер тапшысын қанатымның.
Қашалып қалған бұл жер тастарына,
Тарих толы көркінің астарында.
Жазусыз бұл қаланың дастаны барлауменен
Қарттарының қыраулы бастарында.
Ешқашан тігілмеген қосы дара,
Нәр алған ляззатынан досы ғана.
Кімде-кім Маңғыстауды Құрметтесе,
Соған қара шаңырақ – Осы қала.