ТАРАС БАҒЫ
Заманынан қиянат нала көрген,
Шевченко сырласқандай даламенен
Маңғыстауға бет алған сапарында
Қолына бір-жар шыбық ала келген.
Мұнда жұрт жүреді екен түйе мініп,
Үстіне керегінше үйеді жүк.
Күн қақтаған жалаңаш сыр даласын
Өзінше ардақтаған киелі ғып.
-Шіркін-ай!-депті ақын тебіреніп,-
Жалаңаш деп даладан жерімелік.
Ерік берсе, ертең-ақ көк майсалы,
Украина жеріне теңер едік.
Тисе болды қолға тек қамшы ерік,
Бүркеніп жатқан бағын ашар едік.
Украинқазақпен қол ұстасып,
Адымдап аяқты алшаң басар едік.
Бастамасы болсын бұл сол арманның
Мүмкін, мен дінекері бола алармын.
Тар заманға көрейік кең жол ашып,
Болмаса, бірі болар жоғалғанның.
Солайша егіп достық ұрықтарын
Көрсетті ақын сырлы сыр ұққанын
Айғағы болсыншы деп ақ ниеттің
Топыраққа шанышты шыбықтарын
Болжаған алдын ақын адаспады,
Болды бұл екі ел жаны жарасқаны
Достықтың тыңайтқандай топырағын
Көгерді қанат жайып Тарас бағы
Болар, сірә, таңдайға татығаны
Мақұл көріп Маңғыстау атырабы
Тарас лебі шаншылған шыбық болып
Тамыр тартып жайылды жапырағы.
Жалғыз шыбық бақ болып балалады
Бұл-достық тамырының тарағаны
Тарас тарқан желіде жеміс пісіп
Мәңгілікке ашылды дала бағы
Достыққа беті бейім бесігінен
Халық ұйғарып, үкімет шешімімен
Маңғышлақ отау тігіп, Орталығын
Атандырды Шевченко есімімен.