ҚАРАЖАНБАС
Тірі пенде баспаған көзі қорқып,
Бұл жер аты картада - «Өлі Қолтық».
Үстінен құстар ұшып өткен болар,
Көрмеген адам аттап, бөрі жортып.
Толқындары аймағын шуылдатқан,
Бұл жерді теңіз суы жуып жатқан.
Қол созып көрмек түгел маңайына,
Кезі жоқ тірі жанды жуықтатқан.
Тулаған толқын ұрып құр жатпаған
Қазыр теңіз табаны құрғап қалған.
Қатігез сараң өлке құпиясын,
терең көміп жасырып ұрлап қалған.
Бұл маңайды бір қара жан баспаған,
Сан ғасыр суық сұрқы алмаспаған.
Дәл солай дегендей боп мелшиеді,
Жағалай теңіз баққан жартас маған.
Қара жан баспас өлке заманында,
Қазір көрсең жылу бар қабағында.
Құрыстары жазылып жатырғандай,
Мүнайлы мұнаралар табанында.
Сан ғасырлар жотасын жан баспаған,
Ескі бар ма жаңамен алмаспаған.
Бүгінгі Қаражанбас маңайына
Біз болыппыз аттаған алғашқы адам.
Кешегі Өлі Қолтық алаңдамас
Табынғандай иіпті адамға бас.
Жуасыған асаудай жусап жатыр
Көз алдыңда бүгінгі Қаражанбас.
Қалайша жуас дерсің бұлараны,
Бұл жердің аз болған жоқ сұрағаны.
Бір түнде жұтып қойған да кезі болды,
Алғашқы бұрғы салған мұнараны.
Қиқар өлке алай да, - былай -деді
Жеңілді де жығылып құлай берді
Қара балшық қосылып қара термен,
Ақырында ақтара мұнай берді.