01.08.2022
  119


Автор: Есенғали Бөкенбаев

ОМАР ҺАЙЯМНАН

О, Құдай, қолың мырза залымдарға,
Уақыт жоқ күнәсізге дамылдарға.
Болғанда дүнияңа өзің қожа,
Адамды алалайтын заңың бар ма?!
Біреуге ақыл менен арды бердің,
Найсапқа үйді тігіп, барды бердің.
Ақылды, парасатты, ойлы адамға
Қасірет, қайғы менен зарды бердің.
Біреудің ойы жүйрік, қолы қысқа,
Қолы қысқа кісінің жолы қысқа.
Теп-тегіс дүнияны жасамаған
Болса да Құдай шебер, өзі ұста.
Тіленіп, Құдайдан зат ала алмайсыз,
Бейнетсіз ұжмаққа бара алмайсыз.
Ерінбей еңбегіңмен наның тапсаң,
Тамұқтың қорасына қамалмайсыз.





Пікір жазу