01.08.2022
  110


Автор: Есенғали Бөкенбаев

НЕ ЕТЕСІЗ?!

Мырза деген адамың
Сараң болса, не етесіз?!
Адал деген адамың
Арам болса, не етесіз?!
Жақсы деген адамың
Жаман болса, не етесіз?!
Білгір деген адамың
Надан болса, не етесіз?!
Ел билеген басшыңыз
Парақор болса, не етесіз?!
Сыйласатын жолдасың
Жалақор болса, не етесіз?!
Қойныңдағы қатының
Тұрлауы жоқ баянсыз,
Жылан болса, не етесіз?!
Туған балаң өзіңнен
Томаға-тұйық жетесіз,
Лаң болса, не етесіз?!
Рахат көрмей өмірден,
Өкінумен өтесіз.





Пікір жазу