01.08.2022
  118


Автор: Есенғали Бөкенбаев

Үзілмейтін дәулет пен

Үзілмейтін дәулет пен
Кейбіреуге бақ бердің.
Дәрежесін өсіріп,
Отыратын тақ бердің.
Ақындарға «дәулет» деп,
Сайраған тіл мен жақ бердің.
Жүз жасатып біреуді,
Ақылына қарамай,
«Ақсақал» деп ат бердің.
Кейбір асыл адамды
Отызға да жеткізбей,
Өмірін өлшеп, шақ бердің.
Біреуді қойсаң шалжитып,
Біреулерден түспейтін,
Арқалайтын қап бердің,
Жасаған Ием, Жаппарым,
Қанша әділ болсаң да,
Келмейді босқа зат бергің.





Пікір жазу