01.08.2022
  117


Автор: Есенғали Бөкенбаев

Уәйім етіп елімді..

Уәйім етіп елімді,
Азғантай дәурен тірлікте
Рахаттан қалмаңыз.
Көрсетіп иық біреуге,
Зорлықпен затын алмаңыз.
Жанға залал жауыздық,
Ала көзің салмаңыз.
Ырзық күтіп Алладан,
Жаныңызды жалдаңыз.
Бір кісіден туғандай
Біріңді-бірің қамдаңыз.
Дұшпаның кім, досың кім,
Оны-дағы аңдаңыз.
Ақылыңмен кеңесіп,
Ең жақынын таңдаңыз.
Өз ақылың сенбесе,
Айтылған сөзге нанбаңыз.
Тар кезеңде тартынып,
Айтқан серттен танбаңыз.
Жетпегенін жеткізіп,
Мүсәпір менен мүскінді
Қолыңнан келсе, жалғаңыз.





Пікір жазу