01.08.2022
  123


Автор: Есенғали Бөкенбаев

ӨЛЕҢІМ

Толығар шағы болса да,
Толыға алмай келеді.
Оқушымен жария
Жолыға алмай келеді.
Көпшіліктің көңілінен
Орын таппай келеді.
Бейне өгей балаша
Қоңылтақтай береді.
Ол – нысана, мен – мерген,
Тигіздірмей келеді.
Ол – бір сұлу, мен – ғашық,
Сүйгіздірмей келеді.





Пікір жазу