meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.08.2022
  175


Автор: Айсырға Қилыбаева

АМАН ЖҮР, ЖАҚСЫ АҒАЛАР!

Тарихы – ғасырлардың тұнығындай,
Маңғыстау – абыздардың тұғырындай.
Азамат ағалар жүр алдымызда,
Асылдың тот баспаған сынығындай.
Мекені ақ қанатты шағаланың –
Каспийдің толқын шайған жағалауын.
Келбеті – кең жазира даласындай,
Армысың, ақ пейілді ағаларым!
Қайырмасы:
Қазақтың арысыңдар,
Мұқалмас намысы бар.
Аман жүр, ағаларым,
Халықтың бағысыңдар.
Өмірін өнегемен өрнектеген,
Мұратқа жеткен адал еңбекпенен.
Жақсыны ардақтайды біздің қазақ
Жамандар босағадан төрге өтпеген.
Қияға қанат қақан қырандары,
Дария – сарқылмайтын мұнайлары.
Қазақтың көк байрағын көтеріп тұр
Егемендік алған ел ұландары.
Қайырмасы.
Жұлдызды ұлы жолға бастағандар,
Жарығын маңайына шашқан олар.
Заманның жалауы боп, алауы боп,
Аман жүр алдымызда, жақсы ағалар!
Көсілген көкжиектей көңілдері,
Қашанда ашық-жарқын пейілдері.
Намыстың көк байрағын биіктетіп,
Тереңнен тамыр тартқан емендері.
Қайырмасы:
Аман жүр, ағаларым,
Нар тұлға – дараларым.
Іргелі ел қонғандай
Кең жайлау – жағаларың.





Пікір жазу