meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.08.2022
  227


Автор: Айсырға Қилыбаева

АЯУЛЫ АНАШЫМ

Көктем келсе, шаттанар жасыл дала,
Гүлдер күліп, бүршігі ашылғанда.
«Дүниені жаңарған көрмеді-ау» деп,
Еске аламын сағынып, асыл ана!
Қайырмасы:
Тірлігіңді тынымсыз өткіздің де.
Сапар шектің, біздерді жеткіздің де.
Сол сапардан, анашым, оралмадың,
Саған деген сағыныш шексіз менде.
Өзің барда көңілім – ашық аспан,
Адалдыққа баулыдың мені жастан.
Саған ұқсас жан іздеп айналадан,
Жасаурайды жүрегім сағыныштан.
Қайырмасы.





Пікір жазу