01.08.2022
  122


Автор: Айсырға Қилыбаева

АНАШЫМ

Келді тағы көктем,
Ақ шуағын төккен.
Айдын төсін аңсап,
Аққу, қаз да жеткен.
Ән төгілді жаңа,
Көңіл күйін тербеп.
Сені іздедім, ана,
Сағыныштан шөлдеп.
Қайырмасы:
Сен – анашым,
Кең даласың.
Сен мәңгілік
Ән болып қаласың.
Сәби бала жастан
Жанға шуақ шашқан.
Бойың толған қайрат,
Өмір жолың – дастан.
Нұр бейнеңді аңсап,
Алаңдадым талай.
Өзің кеткен жақтан
Төгіледі арай.





Пікір жазу