meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.08.2022
  243


Автор: Айсырға Қилыбаева

«Қ» ӘРПІ

Көзге түсер қашанда ерекшелер,
Түнге сіңіп кетеді өлекселер.
Бұлақ көзін аша алмас терең қазып,
Қыл-қыбырды жинайтын күрекшелер.
Күн сүйетін маңдайлар жарық келер,
Ерлік, ездік – бағаны халық білер.
Сүйгеніне қанатты, қыран жігіт
Аспандағы айды да алып берер.
Адал сүтін ананың ембегендер –
«Қ»-ға дұрыс тілдері келмегендер.
«Қ»-дан бастап оқылар кие-кітап,
«Қ» әрпіне орын бер, төрдегілер!
Қазақ қызын ұшырар «Қарлығаш» деп,
Жігіт Қызды атайды «Қарындас» деп.
Қаны қазақ Қарттарын кадірлейді,
«Құс төресі Қыранмен тұғырлас» деп.
Сүттің дәмі, маңызы – Қаймағында,
«Құда» дейді ең сыйлы Қонағын да.
Қазақ қана ғарыштың ұлы биі –
«Қ» әрпімен бастайды Құдайын да.
Алла, әулие пір тұтқан «Құдірет» деп,
Қыдыр күткен «Құтым» деп, Құрметтеп.
Іздейді екен адамдар көп ішінен
Құрдастарын «Қатарлас Құрбым ед» деп.
ҚАЗАҚТЫ оқы оңынан, солынан да,
Қазақ тірі – басы бар, соңы барда.
Қара жерге кірсе де, Қойны суық
Құлпытасы тұрады Құбылада.
Қара Қазан Қайнаған ошағында,
Жүз жиырма ұлтты сыйғызған Құшағына;
Қойны Құтты Қаратау Қазыналы,
Пір Бекеттің бесігі осы арада.
Аты «Қ»-дан басталған әкім келді,
Босағаға шешіп кір бәтеңкеңді.
Қуаныңдар, Маңғыстау Қазақтары,
«Қ» деп еркін айтатын сәтің келді!





Пікір жазу