01.08.2022
123
ТАЛҒАМ МЕН ТАҢДАУ
Адал адам арамның болып алған жемтігі,
Шындығыңнан бұл күнде өтірік, өсек өтімді.
Күннің көзін қалқалап, көрсетпейді біреулер,
Едірейтіп құлағын күнбағыстар секілді.
Әрбір адам басқаны ұқсатады өзіне,
Өтірік айта білмейтін сенеді аяр сөзіне.
Көрінеді мақауға жапырағы жап-жасыл,
Ақ қайың мен қарағаш бірдей болып көзіне.
Талғамы жоқ таңдайға – ащы, тәтті дәмі бір,
Таңдауы жоқ құлаққа – бұлбұл, шымшық әні бір.
Сисенқұлдың үйінде тойып ішер көже жоқ,
Ауласында Жексеннің есек, мысық бәрі жүр…