01.08.2022
118
ҚУСЫҢ-АУ
Кусың-ау, қарғам, қусың-ау,
Өтірік күліп тұрсың-ау.
Күлгенің – әсте қулығың,
Арқадан қағып, шымшылау.
Хан менен зорға жағынып,
Керегің жатар табылып.
Шындыққа біреу жете алмай,
Іздеумен өтер сабылып.
Тірлікте түрлі сұмдық бар,
Сұмдықты көрер мұңлықтар.
Жалаңаш тастап аңсызды,
Жасалып жатыр ұрлықтар.
Шындықтың жолы – ауырлау,
Өтірік жолы – тым қысқа.
Өтірік олжа тауып жүр
Әділдік атты ұрыста.
Шынайы өмір қиын-ақ,
Тағдырдан жүрген сыйын ап;
Сорсың ба, зорсың – бәрібір,
Барады дәурен зымырап.