01.08.2022
  109


Автор: Айсырға Қилыбаева

АРЫЗ БЕН ҚАРЫЗ

Өмір, саған қарыздармын,
Және бар арыздарым.
Жылынып шуағыңа,
Сезіндім таң ызғарын.
Жас терек жайқалады,
Жапырақ жайнағанда.
Жаңару байқалады,
Өң кіріп айналаға.
Артыма қарайлаймын,
Айтаққа ере кетпей.
Сондықтан Ақша досым
Жүр мені керек етпей.





Пікір жазу