01.08.2022
156
АДАЙСЫҢ ҒОЙ СЕН
Бала кезіңнен саналы едің, байыпты,
Бойыңа сіңген қазақы бояу қанық-ты.
Оқуда озат, үлгілі бала едің сен,
Алпыстың аппақ қырауы самай шалыпты.
Жабысқақ мінез жолатпай өстің о бастан,
Кигенін емес, адамын танып, сыйласқан.
Көкбөрінің тағылығы бойға дарыған
Адайсың ғой сен, төбеңде жалғыз тұр аспан.
Омырауыңа көктемнің гүлін тағып ал,
Омырауға таққанмен адам танымал.
Біреуі алға, біреуі артқа тартатын
Адамның екі жағы бар…