01.08.2022
  234


Автор: Айсырға Қилыбаева

АСА ҚАДІРЛІ АСЫЛТАС ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ 60-ТА

Бала кезден алғыр едің, болмаған еш тынымы,
Ойың озық, жаның таза – мөлдір бұлақ тұнығы.
Маңғыстаудың жайсаңдары, зиялысы атанған
Алтын діңгек ата-анаң да – асылдардың сынығы.
Екі жүрек бір-біріне махаббаттан от тасып,
Жампоз жігіт Қуантқанмен жарасымды жұптасып;
Айнымайтын адалдыққа бақыт балын тамызып,
Өмір деген ұлы жолда келесіңдер нық басып.
Келіп жетті, жылдар аунап, алпысыншы ақпаның,
Ата-ана қойған атын тап-таза қып сақтадың.
Өнегелі өмірің мен өнегеңнің арқасы –
Ортамыздың ажары боп жүріп келе жатқаның.
Балаларың тәрбиелі, құйған алтын асықтай,
Орын тауып өркен жайды, жігерлерін жасытпай.
Жар қосағың, балаларың аман болып, қуантып,
Мамырлап жет, 70-ті аттап, 90-ыңа асықпай!





Пікір жазу