01.08.2022
93
ЖОЛДАРЫН ЖАРЫҚ ҚЫЛЫП...
(Маңғыстаудың абыройлы шалдарының бірі, ұзақ жылдар бойы басшылық
қызмет атқарған Құрманбай Тұрғанбаевқа)
Ұлылыққа қашанда басын иген,
Дала жатыр керіліп сағым сүйген.
Қарт Каспийді жағалап Маңғыстауда
Талай дүлдүл жүйріктер өмір сүрген.
Еселеп сұлулықты тусын далам,
Жиреніп, жамандықты қусын ғалам.
Адамзат мынау сырлы дүниеде
Жақсылар үрдісінен сусындаған.
Шайырлар өз білгенін жыр етеді,
Әр ауыл өз жақсысын зор етеді.
Ауылдың үлкені де, кішісі де
Сыйлаған ақкөкірек Құрекеңді.
Еңбекті өміріне серік еткен,
Ұзақ жыл ел басқарып, терін төккен.
Біз бүгін елестетіп, еске аламыз
Жолдарын жарық қылып жүріп өткен.
Жолдарын жалғастырған ұрпақтары
Еске алып әкелерін, сыр ақтарды.
Тоқсанға толып жатқан Құрекеңнің
Күтеді дастарханы қонақтарды!