01.08.2022
  88


Автор: Айсырға Қилыбаева

ЖАСҚА ТОЛДЫ АҚ САМАЛ

Қабыл болып тілегің,
Қосылды Досан қатарға.
Сарғайтып жеткен мұратың
Қуанта берсін, Қатира!
Алғырлығыңмен алысып,
Қаншама қиын күн кештің.
Жас қалып, үйге бас болдың,
Кінәлай алмас сені ешкім.
Қайрат пен Асан кетсе де,
Досанның жанды шырағы.
Желбіреп өсіп келеді
Артынан жасыл құрағы.
Алмагүл атты арумен
Досаның құрды отбасын.
Перзенті тұңғыш – Ақ Қанат
Толтырды биыл 3 жасын.
Баланы әркім бақ санар,
Өмірден орын тапса олар.
Тұсауын кесіп, тәй басты
Бір жасқа толған ақ Самал.
Құтты болсын қадамы,
Қос қанатын қағады.
Қолғанат боп әжеге,
«Шай құюға» жарады.
Жапырақ жайып жалғызың,
Тойыңды тойға жалғасын!
Әуелі Алла, Пір Бекет,
Әруақтар жебеп, қорғасын!





Пікір жазу