01.08.2022
118
КӨҢІЛІҢ КӨЛДЕЙ, ДАРАСЫҢ
Сыйлаған саған қасиеттерін көп дара,
Бабаларың – баһадүр Досан, «Үш Қара».
Жапырағы жасыл аппақ гүл көрсем көктемде,
Кіршіксіз сенің пейілің бе екен деп қалам.
Асқар таудай ғып ақ ниетіңді үйіп шың,
Адал жарыңмен абыройлы өмір сүріпсің.
Ақылың алғыр, сезімің сергек, бауырмал,
Сондықтан болар көп азаматтан биіксің!
Кез-келген жанды мақтамайды ғой ел тегін,
Киесі саған дарысын мынау өлкенің!
Пір Бекеттің әруағы қолдап әрдайым,
Бүгініңнен де сәулетті болсын ертеңің!
Жоғары тұрсын әрдайым сенің жұлдызың!
Орынгүл келін – көркіңді ашар құндызың.
Денің сау болып, қызықты дәурен кеше бер,
Көбейе берсін, жапырақ жайып ұл-қызың!