01.08.2022
  412


Автор: Айсырға Қилыбаева

ҚҰТТЫҚТАУ

(Кластасым Аманжолға)
Қарашы, нұрға оранған өңір, белең,
Өлшенер келген жаспен өмір деген.
Шығыпсың 60 жастың асқарына,
Арнаймын тойға шашу өлеңменен.
Айтуға еңбегіңді тіл жетпеген,
Ізіңе басқан әрбір гүл көктеген.
Сыйлысың ағайынға, қатарыңа,
Кішілер ізетпенен құрметтеген.
Нұр шашып, көгіңде күн күлімдеген,
Өткен күн басқан ізі білінбеген.
Өзіңді құттықтаймын, аяулы дос
Бүгінгі сенің туған күніңменен!





Пікір жазу