ҚАЙЫНСІҢЛІМ ТҮРМЕХАНҒА
Сәні едің, үйіміздің қарлығашы ең,
Ағаңның ең сүйікті қарындасы ең.
Біздермен 4-5 жылдай бірге тұрдың,
Бойжетіп келе жатқан шағыңда сен.
Ісіңе алғыр едің, зерек едің,
Сурет салушы едің, шебер едің.
Сен салған суретті ағаң мақтап,
Менің де келетұғын көре бергім.
Сенде жоқ, алдау, көше кезу деген,
Әдеттің бәрі сенде мен іздеген.
Жұмысқа бұрылмастан түзу барып,
Жұмыстан қайтатынсың бір ізбенен.
Қалмайтын қасыңа еріп Серік інің,
Балалар жақсы көрген сені керім.
Ерекше бауырмалдық, жанашырлық,
Тазалық, адалдықты сенен көрдім.
Біз сені көріп жүрдік жас баладай,
Ешкімге жүрек кілтін ашпағандай.
Бір жігіт сені бір күн алып қашты
Біз қалдық байлап-матап тастағандай.
Қазір сен – бір ауылдың анасысың,
Аналар өмір кешер баласы үшін.
Аман жүр отбасының ұйытқысы боп,
Бойыңнан арылмасын қайрат-күшің!