МЕН СІЗДІ БИІК КӨРЕМ
(Маңғыстаудың белгілі азаматы Сақып Бүркітбайұлына)
Сіз бүгін Пайғамбардың жасындасыз,
Қашанда жақсы істердің басындасыз.
Маңғыстау тарихының беттеріне
Екінші жас әкім боп басылғансыз.
Келбеті аулымыздың, мақтанымыз,
Бор емес, Қаратаудың шақпағысыз.
Қамқор боп маңайына, ағайынға,
Ата тек, арғы салтын сақтадыңыз.
Мақтау да жараспайды кез-келгенге,
Келмейтін кісілік бар безбендеуге.
Жабысар бөркің болса қолтығыңа,
Танымас бас киімің өзгергенде.
Мен сізді биік көрем, бағалаймын,
Қиналсам, сізді ғана жағалаймын.
Әркімге иілмейді шалқақ кеуде,
Ал сіздің алдыңызда – баладаймын.
Мен сізге бар жақсыны тілеп тұрам,
Жарының бір бұтағы – жүректі ұлан.
Жігітке байлық емес, шайлық емес,
Шынайы азаматтық – берік қорған.
Жыл сайын жас қосылып жасыңызға,
Түспесін ауыр салмақ басыңызға!
Аулаңыз жапырақ пен гүлге толып,
Жәмила күліп тұрсын қасыңызда.!