01.08.2022
  205


Автор: Айсырға Қилыбаева

БАЛА КЕЗДЕН ДОС ЕДІК

Қызықтар бала күнгі кетпейді естен,
Дос қымбат бала кезден бірге өскен.
Бірге ойнап Теректінің шағылында,
Уызды бір тостаған бөліп ішкен.
Сен жүрсің жүрегімде, жырларымда,
Тағдырым саған аян, сырларым да.
Көңілдің көкжиегі көсіледі,
Қуанып күтіп алып тұрғаныңда.
Қиналсам, қуансам да, қасымдасың.
Сырт көзден, мінім болса, жасырасың.
Байқатпай кейбір осал тұстарымды,
Мақтан қып, жақсы ісімді асырасың.
Дос едік бала кезде, әлі доспыз,
Көрісіп жиі-жиі, табысамыз.
Теректіде бірге өскен бала – қос қыз
Ажырамай, жылдармен жарысамыз.





Пікір жазу