meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.08.2022
  144


Автор: Айсырға Қилыбаева

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Бала қиялдан бастауын алар бұлақ-ой,
Өмір дейтінің – шегіну, өрлеу, қырат, ой.
Шәкірттері үшін мақтаныш, үлкен мәртебе –
Бақыт ағамыз 70-ке толған мына той.
Санаңызға көркем ойларды саралап,
«Құрметті ұстаз» мамандық жолын қалап ап;
Келесіз аға, тапжылмай тура жолменен
47 жыл білім бақшасын аралап.
«Ұстаз» деген атауын адал сақтаған,
Зерделі ұрпақ талабын ұштап, баптаған.
Өз тілін сүйген қазақтың адал перзенті
Баулыған шәкірт болғаным үшін мақтанам.
«Оқу ісінің үздігі» деген белгі бар,
«Шыңдалу-мектеп» атағыңызға берілді.
«Ағартушы ұстаз» дейтінің сәби санамда
Сіз сияқты Алтынсариннен кейінгі.
Ұл-қызың аман, қасыңда болсын Алтының,
Үлгісіндейсіз қазақтың тіл мен салтының!
Ұлт байрағы, даусы асқақ қашанда
Дәл сіздей болса ұлдары қазақ халқының!





Пікір жазу