01.08.2022
117
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-26-22-32-39.png)
ӨМІРДЕН КӨШТІ БІР АНА
Таң атты, тірлік оянды,
Жарыққа әлем боялды.
Өмірден көшкен анаға
Жасалып жатыр жоралғы.
Соғыстың өрті шарпыған,
Тілемсек көрті қарпыған;
Әкесі болып құрбандық,
Жетілді ұлы артынан.
Әбіштей ұлық баласы,
Кемеңгер ұлдың анасы.
Құшағына алды құндақтап,
Маңғыстау – туған даласы.