01.08.2022
107
«Мен де бала болдым», - деп...
«Мен де бала болдым», - деп,
Айтып едім,
Немерем:
«Тағы бала бол, - дейді, -
Бірге ойнайтын менімен».
«Ақ бесікке бөлеген,
Айналайын немерем!
Менің сәби кейпімді
Тартып алдың сен менен.
Бала ойыншық ойнайды,
Әже оны қорғайды.
Бала әже болады,
Әже бала болмайды.
Ақ періште пішінде,
Аппақ әлем ішінде
Ойнай берші сен, көкем,
Ақ шырақты өшірме!»
Дегенімді естіді,
Ойланғандай кескіні...
..«Мен де әже болам», - деп
Ән айтқаны естілді.