meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.08.2022
  354


Автор: Айсырға Қилыбаева

МЕНІ НЕГЕ ЖАЛҒЫЗ ЕТТІҢ, БАУЫРЫМ?!

Жаным жалғыз, жалқымын,
Бүтін емес, жартымын.
Топқа түсті талайым
Тағдырында талқының.
Жалғыздың жаны жаралы,
Дәруін қайдан табады?!
Қорқыныш кіріп түсіне,
Есігін үрей қағады.
Қайын жұртты көргенде
Жесірлік еске түседі.
Төркін жұртты көргенде
Жетімдік еске түседі.





Пікір жазу