01.08.2022
  136


Автор: Айсырға Қилыбаева

ӨТЕГЕН-АУ, ЖОҒАЛМАЙДЫ ЕСІМІҢ!

(Әруағына арналған аста оқылған өлең)
Аударылып өтті күндер парағы,
Жылдар жылжып, алыстатты араны.
Бір мектептің түлегі едік, Өтеген,
Жарқын жүзің елес болып барады.
Мақтанышты іс атқарып халқына,
Ұл-қыздарың өсіп жатыр артыңда.
Үнсіз бейнең төріңде тұр ілулі,
Баяғы сол жайбарақат қалпында.
Ойсыраттың ортамызды сен кетіп,
Жер бесігі қойнына алды тербетіп.
Жолдарыңды ұрпақтарың жалғайды,
Немере мен шөберелер ер жетіп.
«Бөліп жеген бүтін құрттың жартысын»
Құрдастарың тойлап жатыр алпысын.
Сен жатырсың үнсіз салқын қабірде,
Пейіштегі нұрың сенің шалқысын!
Дос, туысқа ашық тұрар есігің,
Ұл-қыздарың тербетеді бесігін.
Гүлсім менен балаларың тұрғанда,
Өтеген-ау, жоғалмайды есімің!





Пікір жазу