01.08.2022
  118


Автор: Айсырға Қилыбаева

РУХ

(Сайын Шапағатовтың әруағына тағзым)
Ісіңді досың тұрмақ, дұшпаның да,
Тіс қайрап жүргенімен ұқпады ма?!
Қазақтың асыл сөзін тиек етіп,
Сен мыңды біліміңмен жықпадың ба?!
«Нұр жауар талаптыға» дейді халқың,
Ұлан боп, сол халқыңнан қолдау таптың.
«Қазақтың шаңырағын көтерем» деп,
Уығын байлағансың «Парасаттың».
Рухын қазағыңның биіктеттің,
Аз тірлік, ұзақ өмір сүріп кеттің.
«Ұлтымның ар-намысын көтерем» деп,
Шамына біреулердің тиіп кеттің.
Жұмулы мәңгілікке қос жанарың,
Қиналды қазаңды естіп дос-жараның.
Өмірді өлім келіп сыпырады,
Жүзіндей қылпылдаған ұстараның…





Пікір жазу