01.08.2022
  97


Автор: Айсырға Қилыбаева

ӨТКЕН КҮН

Өткен күн – өрнек елесім,
Алдымда – асу-белесім.
Елгезек күндер, елпілдеп,
Жетектеп алға келесің.
Егінім пісіп жайқалмай,
Еңбегім қалды байқалмай.
Шешенім қалды тұтығып,
Айтатын сөзін айта алмай.
Үміттің отын өшірмей,
Тұсауы әлі кесілмей;
Құрсаулап қысқан кеудемді
Түйіншек жатыр шешілмей.
Тірліктен түрлі сыр аулап,
Сезімді жүрмін бұғаулап.
Теректі, құла құмыңа
Қайтсам ба, шіркін, бір аунап?!





Пікір жазу