01.08.2022
  116


Автор: Айсырға Қилыбаева

КЕЛЕМІН ҚУЫП

Келемін қуып,
Жеткізбей қойдың, тентегім,
Сен менің тәтті қиялым едің, ертегім.
Жап-жасыл көктем сылаңдап кетіп барады,
Сұлулық неткен, келте едің?!
Жете алмай қуып, өкпемді босқа өшірдім,
Сан шырақ жағып, қаншасын үрлеп, өшірдім.
Жалын боп лаулап, мұз болдым қанша қатайып,
Жалын мен дауыл,
Бәрін де бастан кешірдім.
Тар ұғымдарға,
Зарығуларға сыймайтын,
Мұңлы бір әуен шақырып, қолын бұлғайтын.
Адалдықты жәукемдеп жатқан жалғандық –
Жанымды менің қинайтын.
Дастан ғой мынау өмірдің әрбір беттері,
Әділет жайын, әбілет жайын жырлайтын.





Пікір жазу