01.08.2022
  97


Автор: Айсырға Қилыбаева

ОТ

Күн шығады от болып,
Шоқ болады батқанда.
Бар кетеді жоқ болып,
Ажал көрпе жапқанда.
Бершімегі даланың –
Әруақтар мүрдесі.
Орман, тоғай, көкорай –
Жердің үлде-бүлдесі.
Тозбайды екен топырақ,
Қанға сасып жатса да.
Топырақтан өнеді
Қып-қызыл гүл бақшада.
Таң атады от болып,
Күн батады шоқ болып.
Бүгін келген қонақтар
Кетеді ертең жоқ болып.
Жанып едім от болып,
Сөніп барам шоқ болып.
Іргелікті көтерші,
Жел жағыма ық қылып...





Пікір жазу