01.08.2022
94
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-26-22-32-39.png)
КҮРЕҢ КҮН
Мақтағанды ұнатып
Ұрысқанды жек көрдім.
Ауыр сөзді жинап ап
Көкірегіме кек түйдім.
Өлшеместен салмағын,
Қапшығымды толтырып;
Дәннен гөрі сондықтан
Масақтарды көп тердім.
Алақанның орнына
Жұдырығын сыйлаған;
Зіл түсіріп жүйкеме,
Басып-жаншып, қинаған;
Тонап жатыр күрең түн
Шуағымды жинаған.
Қиян кезіп қиялым,
Көкірекке сыймаған…