01.08.2022
  100


Автор: Айсырға Қилыбаева

ӨЗЕГІМДЕ ӨРТІМ ҚАЛАР

Жаны жалын, көзінде от жарқылдаған,
Ғашықтардың әні көп айтылмаған.
Махаббаттың мәңгілік жыры қалды
Жалын-жүрек, от-көмей ақындардан.
Көктем керек жер бетін сырлау үшін,
Ақын керек көктемді жырлау үшін.
Жастық керек ғашық боп қыз бен жігіт,
Бір-біріне ләззат сыйлау үшін.
Кәрілік еркімді алар, көркімді алар,
Өлеңім – өзегімде өртім қалар.
Күл-қоқыс бетін бүркеп жасырғанмен,
Тасты да керек еткен ерітіп алар.





Пікір жазу