01.08.2022
113

ЗЕР КӨЙЛЕГІ ЕСКІРГЕН
Керегімді таппай жерден, ешкімнен,
Ғұмыры ұзақ сергелдеңге түскенмен;
Ақпандағы жаурасам да суыққа,
Сыздың исі сезілмейді үстімнен.
Жамбоз ағай: «Болашағың бар», - дейтін,
«Бару үшін терең білім ал», - дейтін.
Әкем бірақ: «Тақ-тақ арты – тақ-тұқ», - деп,
«Өлеңді қой, айтқан тілді ал», - дейтін.
Білім берген ұстазымды сыйладым,
Өмір берген әкемді де қимадым.
Тапқанымды шығара алмай жарыққа,
Жүрегімнің түпкіріне жинадым.
Керегімді таппай жерден, ешкімнен,
Әрі-сәрі сергелдеңге түстім мен.
Күн жиекке бара жатыр батуға,
Қып-қызыл боп.
Зер көйлегі ескірген.