01.08.2022
113
ҰЙҚЫСЫЗ ТҮН
Тарсынбайды ұясын құрқылтай да,
Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда?!
Не іздеймін көз ілмей, мазам кетіп?!
Көздемегем о бастан құлқын пайда.
Жұрттың бәрі тып-тыныш ұйқысында,
Мазаң ойлар жүйкемді жұлқысуда.
Тағдырымның биі мен күйін тыңдап,
Мықтысын да көргенмін, олқысын да…