01.08.2022
  137


Автор: Айсырға Қилыбаева

МЕНІҢ АЙЫМ

Менің айым көгіме дара қонар,
Жарқыратып шырағын самаладай.
Көңілімнің көгілдір айдынынан
Қанат қағып, қалқиды шағалалар.
Арман, алыс жақтарға асықтырдың,
Ғашық қылдың,
Сезімім тасып, күлдім.
Пәтерім тар, бірақ та
Беу, ағайын,
Жыр-орданың есігін ашып кірдім.
Жүрекжарды жырымды танырсыздар,
Пенделікті көріп кей жаным сыздар.
Жұлдыз болып кетіпті жалынсыздар.
Дауысы зор көкесі айтақтаса,
Аламанға түседі дарынсыздар,
Қағып-соғып өтетін абайсыздар…





Пікір жазу