01.08.2022
104
МҰҢ
Жаным жүдеу, жалқымын,
Бүтін емес, жартымын.
Шеңгелінде жаншылдым
Сыңар езу талқының.
Өлі де емес, тірі емес,
Бағы тайған пендемін.
Ешкім дауа тапппаған
Дертті умен емдедім.
Әділдікті іздеумен
Күн өткіздім өкініп.
Шапалақтап бетімді,
Күліп жүрем өтірік.
Күн шуағы шашылмай,
Көңіл күңгірт ашылмай;
Дар алдында мен тұрмын,
Қу тірлікке бас ұрмай.
Кептеп алып тар тұзақ,
Алқымымды ісірді.
Аяқ-қолым салсырап,
Шала жидым есімді.
Күнім барда мақтаған
Жақындарым жат маған.
«Бал екен» деп байқамай,
У қалмапты татпаған
Көкірегіме мұң батып,
Күлкімді алдым ұрлатып.
Өтірік, өсек бел алды,
Тобырға сөзін тыңдатып.
Қиянатқа көнбіспін,
«Ақылдыға» сенгішпін.
Көрге кірдім түбі жоқ,
Көре алмайды енді ешкім.