01.08.2022
90
Көңілсіз бақ қарсы алды
Көңілсіз бақ қарсы алды
Сұстанып тіл қатпастан.
Қарағайлар байсалды,
Жапырағын зіл басқан.
Жабырқау хал айналам,
Көмейге тас байлаған.
Сұлулықтан кешегі
Ешбір белгі қалмаған.
Бұтақтардан қақырап,
Сөгіледі жапырақ.
Қыстан жылу іздеген
Мен – бір ессіз ақымақ.
Күліп тұрып, жылаймын,
Жылап тұрып, күлемін.
Тоңдыр, күйдір, бәрібір
Өмір, сені сүйемін!