01.08.2022
  108


Автор: Айсырға Қилыбаева

СЕЗЕМ

Салқындық сезем
Сұмдардың сұрғылт жүзінен.
Жылылық сезем
Жайсаңның жұмсақ сөзінен.
Қаталдық сезем
Мелшиген қара таулардан.
Мейірім сезем
Әз аналардың көзінен.
Тереңдік сезем
Аспанның заңғар төрінен.
Таяздық сезем
Жандардан ойсыз шіренген.
Дархандық сезем
Кеудесін керген даламнан.
Тазалық сезем
Кіршіксіз адал пейілден.
Ағыстар көрем
Бастауы биік бұлақтан.
Жарыстар көрем
Дүбірлі жүйрік тұяқтан.
Махаббат – кием,
Сезімді тербеп оятқан.





Пікір жазу