01.08.2022
  128


Автор: Айсырға Қилыбаева

ТАНЫСУ МЕН ТАБЫСУ

Бойыма қатқан мұздарды
Еріте алмай жүргенде;
Қысылып қалған кеудемді
Кеңіте алмай жүргенде
Мен сізбен танысқанмын.
Жүрегім жылаған кезде,
Арманым құлаған кезде;
Жақыным жатқа айналып,
Дұшпаным сынаған кезде
Мен сізге жабысқанмын.
Достардан қағыс қалғанда,
Жұлдызым алыстағанда;
Түндерім таңға ауыспағанда,
Зіл басып майысқанымда;
Шыдамды сарқып тауысқанымда
Мен сізбен табысқанмын.





Пікір жазу