01.08.2022
  108


Автор: Айсырға Қилыбаева

СЕНІ ІЗДЕДІМ

Сені іздедім шаттыққа шөлдегенде,
Жүйрік күндер тізгінін бериегенде.
Сені ойладым, аяулым, сені көрдім,
Әсем әуен жанымды тербегенде.
Ар ма екенсің, аяулым, көріспеген,
Алыстардан сағымдай елес берген.
Көңілімнің сайратып сандуғашын,
Сен кеткелі көктемнің лебі еспеген.
Жазылмаған сен менің жырымдасың,
Айтылмаған ешкімге сырымдасың.
Сенен жырақ кеткен соң, аяулым-ай,
Шаттығымнан бұл күнде мұңым басым.
Сені іздеп өткіздім көп күнімді,
Шырын кезді, қызулы өрт-деміңді.
Күндер өтті мұңайып, таңдар атты,
Сені ойлап, ұйқы да көп бөлінді.
Сені іздедім шаттыққа шөлдегенде,
Асау тағдыр тізгінін бермегенде.
Ақ жауыны арманның селдетеді,
Сағыныштың саздары тербегенде.





Пікір жазу