01.08.2022
  102


Автор: Айсырға Қилыбаева

КҮНБАҒАРЫҢ БОЛЫП ЖҮРЕМ

Мөлдір сезім, мөлдір аспан тұңғиық,
Сүтке толып аппақ ай да тұрды ұйып.
Көкірегіме мәңгі солмас гүл ектің,
Жарқыраған жанарыңнан нұр құйып.
Қамсыз еді сол бір жарқын шақтарым,
Маңдайымды аймалаған ақ таңым.
Көрдің қанат қатайғанда көгершін
Басқа жаққа ұшып бара жатқанын.
Сені ойласам, биіктеймін, өсемін,
Армандардың гүлзар бағын кешемін.
Жақсы хабар күтіп ылғи сен жақтан
Күнбағарың болып жүрем мен сенің.





Пікір жазу